Қазақстандықтарды Ресей әскерінің қатарына шақыруда

Қазақстандықтарды Ресей әскерінің қатарына шақыруда

ашық дереккөзі

Интернетте қазақстандықтарды Ресей әскеріне қызметке шақырған жарнамалар пайда болды, деп хабарлайды Taulik.kz Halyq.uni.kz-ке сілтеме жасап. Келісімшартқа отырғандарға 495 мың және айына кемінде 190 мың рубль төленеді. Хабарландыруда келісімшартқа отырғандарға 495 мың рубль (2 млн 400 мың теңгеден астам), сондай-ақ ай сайын кемінде 190 мың рубль (900 мың теңгеден астам) жалақы төленетіні айтылған. Сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның тулары бейнеленген және «Иық тіресе» деген ұран жазылған.

Жарнамаларда жұртшылықты Ресейдің қиыр шығысындағы Сахалин аймағындағы Ресей әскеріне қосылу мүмкіндігін ұсынатын веб-сайт көрсетілген. Сайт Сахалин облысының адами капиталды дамыту агенттігіне тиесілі, – делінген жазбада.
Ескерту: елімізде Қазақстан азаматтарының шетелдегі әскери қақтығыстарға ақылы түрде баруы заңсыз саналады.

Loading...