Зеленский осы күзде "бейбіт саммит" өткізуге үндеді

Зеленский осы күзде "бейбіт саммит" өткізуге үндеді

ашық дереккөзі

Украина президенті Владимир Зеленский украин мәселесі жөніндегі "бейбіт саммитті" биыл күзде өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz. Оның айтуынша, осы аптада Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөздер соның бастамасы бола алады. Украина президентінің сайтында сәрсенбі күні жарияланған мәлімдемеде Зеленский Жиддада 5-6 тамызда өтетін кездесулерге қырық шақты елдің өкілі қатысатынын айтты. Азаттықтың жазуынша, форумда соғысты аяқтаудың басты қағидалары бекітілуі мүмкін. Саммиттің күн тәртібі Киевтің былтыр күзде дайындаған он тармақтан тұратын жоспарына негізделеді. Бейбітшілік тұжырымдамасы жоспарында Украина аумағының тұтастығын толық қалпына келтіру, Ресей әскерін ел аумағынан толық шығару туралы айтылған. Украин және батыс шенеуніктері саммитке Ресей қатыспайды деп мәлімдеген.

Loading...