Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала жоғалып кетті

Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала жоғалып кетті

ашық дереккөзі

Қызылорда облысында 7 жастағы қыз бала бір күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қармақшы аудандық Полиция бөлімініне 2016 жылы дүниеге келген Жібек Дәуренбекқызының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол 6 тамызда сағат 18:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған. Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің барлық жеке құрамы оны іздеуге жұмылдырылды.

«Жібек Тұрмағанбет ауылының №29 мектептің 2 сыныбында оқиды. Бойы 135-140 см, арық денелі, шашы сарғыштау, көздері қысыңқы келген. Қызды іздеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қармақшы аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 20 жастағы малшы бірнеше күннен бері хабарсыз кетті.

Loading...