Мәзір
7 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында жазықсыз айыпталған жігіт биліктен 6 млн теңге өндіріп алды

Қаңтар оқиғасында жазықсыз айыпталған жігіт биліктен 6 млн теңге өндіріп алды

Қаңтар оқиғасында жазықсыз айыпталған жігіт биліктен 6 млн теңге өндіріп алды Қаңтар оқиғасында жазықсыз айыпталған жігіт биліктен 6 млн теңге өндіріп алды
ашық дереккөзі
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айыппен тергеу изоляторында 1 жылдан астам уақыт отырған ақтөбелік азаматты сот ақтап шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz. «Диапазон» басылымы оған және тағы 17 адамға қантарадағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылғанын жазды. 1 ақпанда мамандандырылған сотта атышулы іс бойынша үкім шықты. Нұрсұлтан Исаев ең ұзақ мерзімге – 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол облыстық әкімдік алдындағы алаңда көлікте отырған 2 адамды қағып кеткен. Тағы 8 адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, тағы бірнеше айыпталушы сотталды, бірақ тергеу изоляторында жазасын өтеуіне байланысты босатылды. 18 адамның ішінде қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы – Ернұр Әжниязов пен Асланбек Омаровты ғана сот толық ақтады. Үкімнен кейін Ернұр Әжниязов мемлекетке қарсы шағым түсіріп, моральдық шығын үшін 30 миллион теңге талап етті. Ақтөбе қалалық соты қамауға алынғанға дейін талапкердің адалдығы мен беделі болғанымен келіскен. Ол жоғары білімді, көлік жөндеумен айналысқан, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Ал қамауға алынғаннан кейін оның қарт ата-анасы отбасын зейнетақымен асырауға мәжбүр болған. Сонымен қатар, тергеу изоляторында отырған уақытта Ернұр Әжниязовтың денсаулығы нашарлаған. Сот оның 1 жыл 24 тәулікке заңсыз қамауға алынғанын ескерді. Нәтижесінде судья Қаржы министрлігін Ернұр Әжниязовқа мемлекет бюджетінен моральдық шығын үшін 5 миллион теңге және адвокаттардың қызметі үшін тағы 1 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Аталған 6 миллион теңге салық төлеушілердің ақшасынан төленеді.

Апта талқысында: