logo
search
menu

Экс-депутат жемқорларды өлім жазасына кесуді ұсынды

Экс-депутат жемқорларды өлім жазасына кесуді ұсынды
7 тамыз, 2023
Экс-депутат жемқорларды өлім жазасына кесуді ұсынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Абай облысы мәслихатының экс-депутаты Серік Байғалиев Тоқаевқа хат жолдады, деп хабарлайды Taulik.kz tilkespekjoq арнасына сілтеме жасап. Байғалиев ұсақ құқықбұзушылық жасағандардың мүлкін толық тәркілеп, 10 жылға соттауды ұсынды. Ал ірі көлемде ақша жымқырғандарды Сингапур мен Қытай соты секілді қатаң жазалау керек дейді. Бұл елдерде жемқорлар өмір бойына бас бостандығынан айырылып, кейде өлім жазасына кесіледі. Байғалиев ҚР Конституциясының 15-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынғанын біледі. Десе де, экс-депутат мұндай жазаны уақытша енгізу оны толық жоюға ықпал ете алады деп санайды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы