logo
search
menu

Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады

Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады
7 тамыз, 2023
Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы болады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы үш жылдан кейін ТМД-ның спорттық астанасы мәртебесін алады, деп хабарлады Taulik.kz. Бұл туралы РФ спорт вице-министрі Алексей Морозов ТМД елдерінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді.
    "Кеңес отырысында біз 2025 жылы Әзербайжанның Гянджа қаласына, 2026 жылы Қазақстанның Алматы қаласына «ТМД-ның спорт астанасы» атағын беру туралы бірауыздан шешім қабылдадық"- деді Алексей Морозов.
    Ресейлік шенеуніктің айтуынша, қалада әлемдік және континенттік деңгейдегі ірі спорт жарыстары бірнеше рет өткендіктен, таңдау Алматыға түскен.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы