«Әйелін гантельмен ұрып өлтіре жаздады»: күдіктіге сот үкімі шықты

«Әйелін гантельмен ұрып өлтіре жаздады»: күдіктіге сот үкімі шықты

ашық дереккөзі

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі көктемде Павлодарда болған сұмдық оқиғаның жалғасы туралы айтты, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. Бұл іс бойынша сот үкімі шықты.

«Байтеков Арман бұрынғы әйелін 12 жасар ұлы мен 7 жасар қызының алдында салмағы 8 кг болатын гантельдермен ұрған. Зардап шегуші екі литр қан жоғалтып, өліп кете жаздады. Қазір әйел мүгедек болып қалды, дәрігерлер оның аман қалатынына да үміттенбеді. Әйел 8 күн комада болды, дәрігерлердің арқасында ол аман қалды. Ал қазір туыстарының қамқорлығының арқасында аяққа тұрды», - деп жазды құқық қорғаушы әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

Loading...