«Жездесі өлтірді»: Шымкентте 18 жасар қыздың өлі денесі табылды

«Жездесі өлтірді»: Шымкентте 18 жасар қыздың өлі денесі табылды

ашық дереккөзі

Шымкентте жоғалып кеткен 18 жастағы студент қыздың өлі денесі табылды. Оның денесінен зорлық-зомбылықпен белгілері анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz. Туған ағасының айтуынша 2004 жылы туған қарындасы 4 тамызда үйден шығып, қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеген. Оған алаңдаған ағасы 5 тамызда полицияға арыз жазған.

«8 тамыз күні таңғы сағат 01.30 шамасында қыздың туыстары Әл-Фараби ауданының полиция бөліміне оның мәйітін үйдің жертөлесінен тапқаны туралы хабарлаған. Аталған мекен-жайға жеткен жедел-тергеу тобы тұрғын үйдің жертөлесінен зорлықпен өлім белгілері бар мәйітті тапты. Оның әпкесінің күйеуі қызды өлтірді деген күдікке ілінді», - деп хабарлады ІІМ.
Бойжеткенді өлтірді деген күдікпен оның жездесі, әпкесінің күйеуі күдікке ілінуде.

Loading...