Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттады, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бұл Алматы мәслихатының VII сессиясында белгілі болды. Яғни қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифі қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтер енгізіледі.
Әкімдіктің айтуынша, қоғамдық көліктегі жол жүру тарифі тасымалдаушылардың шығындары артық болғаннан кейін үнемі қайта қаралуы керектігін атап өтті.
"Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд. теңгені құрады. Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін қолданатындар үшін жолақысы аздап өседі. Алматы көлік холдингі" ЖШС деректері бойынша барлық жолаушылар арасынан шамамен 97%-ға жол жүру ақысын "Оңай" карталарымен, оның ішінде "Оңай" қосымшасында QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейді. Жалпы қоғамдық көлікті күніне 1,4 миллионға дейін адам пайдаланады”, – деп мәлімдеді әкімдік.