"Министрлік заңнаманы бұзған домендердің жұмысын толығымен бұғаттауды мақсат етпейді. Бұл ретте аталмыш домендерге қол жеткізуді уақытша шектеу құралын пайдалануға болады. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Яндекс компаниясынан олардың доменін ел аумағына көшіру мерзімдерін ұзарту туралы хат алынды. Сондай-ақ компания Қазақстан заңнамасының барлық талаптарын орындауға дайын екендігін білдірді. Қол жеткізуді уақытша шектеу министрліктің ағымдағы жылғы 25 шілдедегі сұрауына жауап бермеу салдарынан қолданылды", - деп хабарлады цифрлық даму министрлігі.Еске салайық, 9 тамызда Қазақстанда Yandex.kz іздеу жүйесінің жұмысы деректерді сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты бұғатталды.
«Яндекс» өз доменін Қазақстанға көшіруге міндеттеледі
«Яндекс» өз доменін Қазақстанға көшіруге міндеттеледі
10 тамыз, 2023

Мазмұны
Ресейлік Яндекс сайтының уақытша бұғатталуына Қазақстан заңнамасының бұзылуы себеп. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресурстан өз доменін республика аумағына көшіруді талап етті, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство түсіндіргендей, бұған дейін Яндекске доменді Қазақстанға көшіру жөнінде талапты жіберілген. Алайда ресейлік компания бұл талапты орындамады, сондықтан бейінді ведомство сайттың жұмысына уақытша шектеу енгізді.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы