Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Jusan Bank басшылығы өзгерді

Jusan Bank басшылығы өзгерді

Jusan Bank басшылығы өзгерді
ашық дереккөзі
Jusan Bank басшылығы өзгерді, деп хабарлайды Taulik.kz. «First Heartland Jusan Bank» АҚ (Jusan Bank) акционерлерінің кезектен тыс жиналысында Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланып, банктің басшылық құрамы бекітілді, деп мәлімдеді qaz.ulysmedia.kz. Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ғалымжан Есенов сайланды. Сондай-ақ Жарқынбек Әзбеков пен Санжар Жамалов осы лауазымын сақтап, тәуелсіз директорлар ретінде директорлар кеңесіне енді. Jusan Bank басшылығының құрамына Ирина Мерзлякова (басқарма төрағасының міндетін атқарушы), Асқар Хамидуллин және Ғалия Маханова кіреді. Басқарманың қалған мүшелері уәкілетті органнан қажетті келісімдер алғаннан кейін тағайындалады. Сонымен қатар Jusan Bank және акционерлер Ғалымжан Есенов, Jusan Technologies Ltd (JTL) арасындағы бітімгершілік келісімін бекітті. Келісімге сәйкес, JTL активтері Қазақстан юрисдикциясына қайтарылды. Келісім шеңберінде Қазақстанға, Jusan Technologies Ltd және Ғ.Есеновке қатысты Қазақстандағы, АҚШ пен Ұлыбританиядағы барлық сот процесі тоқтатылуы тиіс.