logo
search
menu

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады

Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады
14 тамыз, 2023
Қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы оқу жылында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар ғана емес, барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды taulik.kz. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева биыл оқушыларды тегін тамақтандыру 100% жүзеге асатынын айтты.
    Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% болды. Бұл – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады, – деді Дана Мақтаева.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы