Мәзір
16 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Жетісуда балалар лагерінде психикалық ауытқуы бар дәрігер жұмыс істеген

Жетісуда балалар лагерінде психикалық ауытқуы бар дәрігер жұмыс істеген

Жетісуда балалар лагерінде психикалық ауытқуы бар дәрігер жұмыс істеген Жетісуда балалар лагерінде психикалық ауытқуы бар дәрігер жұмыс істеген
ашық дереккөзі
Жетісу облысындағы тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz Облыстағы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізіліп, жұмыстарының заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Соның ішінде Көксу ауданындағы «Қарлығаш» лагерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға қайшы, балаларға арналған азық-түлік қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған. Тіпті күнделікті балаларға арналған тамақтану нормалары сақталмаған.
“Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды. Алғашқы өрт сөндіру құралдары - өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген. Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған”, – делінген хабарламада.
Ал Алакөл ауданына қарасты "Шағала" лагерінде балалардың бос уақытын өткізетін ойын-сауық кешендерінің орны да көрінбеген.
“Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді. «Шағала» лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауықтыру кешендері мүлдем жоқ”, – деп мәлім етті ведомство.
   

Апта талқысында: