Алматыдағы пәтерлердің бірінен үш «маугли» бала табылды

Алматыдағы пәтерлердің бірінен үш «маугли» бала табылды

ашық дереккөзі

Алматыдағы пәтерлердің бірінен "маугли" балалар табылды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Алматыдағы Медеу ауданында үш бүлдіршін бірнеше жылдан бері ата-анасының қамқорлығынсыз және қадағалауынсыз қалған. Анасы алкогольге тәуілділіктен емделуге жіберілсе, әкесі олардан бөлек тұрады. Құжат бойынша екі бала 2016 жылғы, ал олардың інісі 2020 жылы дүниеге келген.
Пәтердегі көршілерінің айтуынша, балалар тұратын пәтер қоқыс пен адам нәжісіне толып қалған. Сондай-ақ олар кенже баланың аутизм спектрі бұзылған болуы мүмкін екенін баса айтты.
"Онымен жақсылап жұмыс істеу керек. Бұл бала өте арық, бірдеңе дұрыс болмаса, қабырғаны басымен, қолымен ұрып-соғады. Оған жаным ашиды. Баланың кінәсі жоқ қой",-деді көршісі.
Олардың қиын жағдайы ескеріліп, үш бала Алматыдағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жеткізілген.
"Егер сіз олардың (балалардың- ред.) бізге келгендегі жағдайларын көрсеңіз, қорқатын едіңіз. Біз адамдарға үйреніп қалғанбыз, ал балалар мұндайды бірінші рет көріп тұр. Олар мүлдем қоғамға бейімделмеген, ешкіммен араласпаған. Тіпті, ең кішкентай бала қасықты қалай ұстауды білмейді", - деді орталық қызметкерлері.
Орталық директоры Нұргүл Елибаеваның айтуынша, балалар бұл орталықта алты айға дейін бола алады. Әрі қарай олардың тағдырын сот пен қорғаныс органдары шешеді. Егер анасы түзеліп, дұрыс жолға түссе, анасына қайтарылуы мүмкін.

Loading...