ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Премьер-Министрі Андрей Назаров бастаған үкіметтік делегациямен кездесті, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, логистика, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы өңіраралық тауар айналымы белгілі бір өсім көрсете отырып шамамен $382 млн құрады. Бұл ретте тауар айналымын одан әрі арттыруға және жеткізілетін тауарлар түрлерін кеңейтуге әлеует бар.
Сондай-ақ Смайылов Қазақстан Үкіметі башқұрттық кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін атап өтті.
«Қазақстан Үкіметі башқұрттық кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын» деді Әлихан Смайылов.