Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлігі үшін 222 миллион теңгеге сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Taulik.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстанда автокөліктерді сату бойынша танымал сайтта бірегей ұсыныс пайда болды - Қазақстанның тұңғыш президентінің көлігі сатылымға шықты. Эксклюзивті көлік бағасы 222 млн теңге. Mercedes 600 SEL (Sonderschutz) GUARD B7 конвейерден 1993 жылы шыққаны, оған Германиядағы зауытта арнайы тапсырыс берілгені және мемлекет басшылары үшін жасалған автомобильдер тізбегіне кіретіні белгілі.
«Көліктің зауыттық брондалған капсуласы бар, бұл оны бірегей антиквариат қана емес, Қазақстан тарихының бір бөлігі етеді» деп жазады жарнама авторы.

«ContInental CTS 265-40 R500 арнайы шиналарының ішінде доңғалақтар атылып кетсе де, қашып құтылуға мүмкіндік беретін қосымша жиегі бар. Мұндай көліктің бағасы қанша болса да, өмір одан да қымбат» деп сипаттама берілген.
