«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 5 кеншінің жағдайы белгісіз

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 5 кеншінің жағдайы белгісіз

ашық дереккөзі

Жер астында өрт болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында 222 қызметкер жер бетіне шығарылды, деп хабарлады Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. Бастапқы ақпарат бойынша, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа. Айта кетейік, бүгін сағат 10:05-те Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында «КӘАҚҚ» РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады.

Loading...