Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
18 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті
ашық дереккөзі
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаcы өсті, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы: Күріш – 452 тг/кг; Айран 2,5% – 412 тг/л; Картоп – 173 тг/кг; Пияз – 164 тг/кг-ні құрады.
“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Бұған дейін қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшерімен, табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайтыны хабарланған еді.