Синоптиктер болжамы: «Қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ жауады»

Синоптиктер болжамы: «Қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ жауады»

ашық дереккөзі

Синоптиктер 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz. Аптаның демалыс күндері еліміздің бірнеше аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ солтүстікте қатты жауын мен бұршақ күтіледі. Ел аумағында жел күшеймек. Жетісу, Ақмола облысында күн күркіреп, жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қатты аптап ыстық және жоғары өрт қаупі – БҚО және Атырау облысында. Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында және Ұлытауда жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, жел, қатты аптап ыстық және өте жоғары өрт қаупі күтілуде. Павлодар облысының тұрғындарына найзағай туралы ескертілді. Жамбыл облысында жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады. Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді. Қалған аймақта өзгеріс күтілмейді.

Loading...