Түркияның «Бешикташ» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновты сатып алды, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов біздің клубпен трансферлік келіссөздерді аяқтау үшін Ыстанбұлға келді. Зайнутдиновты біздің вице-президент Серхан Четинсай әуежайдан қарсы алды», - деп «Бешиктас» баспасөз қызметі жазды.
Ал Бахтияр Зайнутдинов болса желіде өзінің қуанышымен бөлісті.
"Мен өте қуаныштымын! "Бешикташ" - үлкен тарихы бар, өте жақсы жанкүйерлері бар клуб. Менің Instagram парақшама "Бешикташ" жанкүйерлерінен көптеген хабарламалар келді. Мен өте қуаныштымын!"-деді ол.
Ал бас бапкер Шенол Гүнеш Зайнутдиновтың әмбебаптығы ұнайтынын айтты.
"Ол ұлттық құрамадағы "ондықтар" рөлін жақсы орындады. Жартылай қорғауда сол жақта ЦСКА үшін ойнады. Сол жақ қорғаушы және сол жақ орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетті. Мен барлық нұсқаларды қолданып көремін",- деді бапкер.