Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
19 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Апаттан аман шыққан кенші оқиғаның мән-жайымен бөлісті

Апаттан аман шыққан кенші оқиғаның мән-жайымен бөлісті

Апаттан аман шыққан кенші оқиғаның мән-жайымен бөлісті
ашық дереккөзі
"Қазақстан" шахтасында болған апаттан аман шыққан кенші шахтадағы апаттың мән-жайын жеткізді, деп хабарлайды Taulik.kz. 17 тамызда 10:00 шамасында болған апат кезінде 227 жұмыскер шахтада көмір өндіріп жатқан. Кеншінің айтуынша, барлығы қас қағым сәтте болған. Алдымен түттіннің иісі жайылып, дабыл қағылған. Барлығы сыртқа шығам деп ұмтылған сәтте қою қара түтін басып, ештеңе көрінбей кеткен.
"Сол жерде болған барлық жан өліммен бетпе бет келгендей болды. Себебі айнала түгілі, өз қолың көрінбейді. Резеңке жанған кезде қандай болатынын білетін шығарсыздар?" - деді кенші.
Кенші қаза болған және әлі табылмаған жандармен жақын таныс болған. Ол "барлығы өз жұмыстарына жауапты, жақсы адамдар еді" дейді. Оның айтуынша, сол кеншілердің жұмысының орны өрт шыққан аумақта болған.
"Иа, бәріміз іштей олардың аман шықпайтынына көндіктік. Бірақ сонда да бір үміт жүрегімде тұр. Мүмкін бұл қимастық па? Білмеймін. Ақылшы, қамқор, еңбекқор жандар еді. Қимаймын. Олардың орынында менің де болуым мүмкін екені есіме түссе, жүрегім қақ айырылады" - дейді кенші.
Massaget.kz жазуынша, сұхбат беруші жұмыскер есімін жариялаудан бас тартқан. Себебі, кеншінің "Жұмысымнан айырылып, отбасыма қауіп төнеді" деген уайымы біраз шындықты айтуға кедергі болған сыңайлы.
"Өліммен бетпе бет келгендей болдым. Енді жұмысқа "бүгін тірі қайтамын ба?" деген күдікпен баратын боламын",- деген шахта қызметкерінің бұл сөзі әр бір кеншінің көкейінде жүргені сөзсіз.