Жетісу облысында жаңбыр суы басқан ауылдарда 89 үйге залал келтірілгені анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Әкімдіктің мәліметінше, Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес және Абай ауылдарында тексеру жұмыстары жүргізіліп, 22 үй апатты, сүрілуге жатады деп танылды. Сондай-ақ автокөлік жолдарына жөнделіп, көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қалған 67 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
“Елді мекендердің көшелері мен аулаларды батпақ пен қоқыстан тазарту жұмыстары аяқталған. 200 тұрғын үй аулалары тазартылып, 200 тонна қоқыс шығарылды. ТЖ салдарын жою шараларына 400 адам, 50-ден астам техника тартылған болатын. Алдағы уақытта мұндай төтенше жағдайды болдырмау үшін канал арналарын тазалау, каналдың өткізу қабілетін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.