Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz.
20 тамызда Тоқаев ресми іссапармен Вьетнамға барды. Екі ел басшыларының кездесуінде “өзара визасыз режим” енгізу туралы 12 құжатқа қой қойылды.
- Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
- Екі елдің азаматтарын өзара визалық талаптардан босату туралы келісім;
- Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- "QazTrade" сауда саясаты орталығы" АҚ мен VietTrade Вьетнам саудасына жәрдемдесу агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті мен Вьетнам инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- "Қазпошта" АҚ мен Viet post корпорациясы арасында электрондық коммерция мен почта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Vietjet Aviation АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
- "Қазақстан Теміржолы" АҚ мен Sovico Group арасындағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Microtech DFS Vietnam Company Limited және Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- "Хабар "Агенттігі" АҚ мен Vietnam television арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Вьетнамда шекарадан өткен сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс, жиынтығында әрбір 180 күн ішінде 90 тәулік болуға болады.