logo
search
menu

Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті

Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті
21 тамыз, 2023
Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz. Түркістан облысының ТЖД мәліметінше, оқиға Отырар ауданында болған. Суға түсуге тыйым салынған жерге 11 адам түсіп, артынша батып кеткен. Құтқарушылар судан 8 мәйітті шығарды, қалған үш адамды іздеу жалғасып жатыр.
    «Сағат 21:00-де жағадан 30 метр қашықтықта бір адамды таптық. 22:50 тағы бір адамның денесі жағадан 6 метр қашықтықтан табылды. Оқиға орын алған аумақтан 100 метр жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі жұмыс істеп тұр. Нөмірі: 8-7253-357881. Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 қайық және дрон жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. Бұл - жедел ақпарат және өзгеруі мүмкін», - делінген хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы