Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
22 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Атыраулықтар QazHome қаржы пирамидасына 49 миллион теңгеден астам қаржы аударған

Атыраулықтар QazHome қаржы пирамидасына 49 миллион теңгеден астам қаржы аударған

Атыраулықтар QazHome қаржы пирамидасына 49 миллион теңгеден астам қаржы аударған
ашық дереккөзі
Атыраулық тұрғындар QazHome қаржы пирамидасына 49 миллион теңгеден астам қаржы құйғаны анықталды, деп хабарлайды Taulik.kz. Атырауда QazHome қаржы пирамидасының 296 адам ақша құйған, бірақ олардың тек 35-і ғана құқық қорғау органдарына арызданған. Бүгінде қаржы пирамидасын құрды деген күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.
«Бұл азаматтар жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тарту, активтерді қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы табыс алу мақсатында QazHome тұтынушылар кооперативінің қызметін ұйымдастырды», - деді ҚР АФМ ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.