logo
search
menu

Маңғыстау облысында салмағы 6,8 келі алып сәби дүниеге келді

Маңғыстау облысында салмағы 6,8 келі алып сәби дүниеге келді
22 тамыз, 2023
Маңғыстау облысында салмағы 6,8 келі алып сәби дүниеге келді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны, батыр ана салмағы 6 келі 880 грамм болатын алып баланы дүниеге келді. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы, деп хабарлады Taulik.kz облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төртінші баласын дүниеге әкелген сәбидің анасына кесір тілігі арқылы ота жасалған.
    «Тексеру барысында босанатын әйелдің баласы өте ірі екенін түсіндік. Содан ақылдасып, оны кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, өйткені дәл осындай салмақпен сәбилердің дүниеге келуі - ерекше құбылыс», - деп хабарлады облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметі.
     
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы