logo
search
menu
IT

«Meta» дауыстық хабарламаларды аударуға арналған жаңа құралды ойлап шығарды

«Meta» дауыстық хабарламаларды аударуға арналған жаңа құралды ойлап шығарды
22 тамыз, 2023
«Meta» дауыстық хабарламаларды аударуға арналған жаңа құралды ойлап шығарды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    «Meta» дауыстық хабарламаларды аударуға арналған нейрондық желіні шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz. Компания өзінің барлық өнімдеріне (Instagram, Whatsapp, Facebook және тағы басқа) 100 тілден 35 тілге аударатын жасанжы интеллект негізіндегі технология қоспақшы. Маңыздысы, желі қазақ тілін де қолдайды. Ол дауысты мәтінге және керісінше түрлендіруге қабілетті. Бүгін Meta әзірлеушілерінен SeamlessM4T деп аталатын жаңа құралдың шығарылымы өтті. Нейрондық желі моделі сөздерді түсініп, оны 100 тілге аударады. Қызмет тек мәтінді, дауысты аудара алады, сәйкесінше сөйлеуді мәтінге айналдыра алады, сондай-ақ мәтінді дауыспен дауыстай алады. Сөйлеу синтезі 35 тілде қол жетімді. Алгоритм сонымен қатар пайдаланушы бір тілден екінші тілге ауысқанда немесе өз сөзінде бірден бірнеше тілді қолданғанда анықтай алады. Тегін демо нұсқасымен сілтеме бойынша таныса аласыз: https://seamless.metademolab.com/

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы