logo
search
menu

Көшеде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген адамның видеосы тарады

Көшеде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген адамның видеосы тарады
23 тамыз, 2023
Көшеде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген адамның видеосы тарады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Әлеуметтік желіде ер адам көшеде жалаңаш жүгіріп жүрген видео тарады, деп хабарлады Taulik.kz Massaget.kz –ке сілтеме жасап. Видеода тыр жалаңаш ер адамның артынан полицей қуып бара жатқаны көрінеді. Тіпті видеодан ер адам жалаңаш жүгіруге шыққандай көрінеді. Желі қолданушылары арасында видео қызу талқыға түскен.
    «Жарнамаға түскендей кетіп бара жатыр», «Полиция қызметкері қуып бара жатқан жоқ, бірге жүгіріп бара жатқан секілді», «Жазда соңғы рет күнге күйіп жатыр», «Бүгінгі лук: анадан туғандай кейіпте болу», «Ұйқыдан тұра сала жүгіруге шықтым», – деп жазған олар.
    Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл екі ай бұрын болған оқиға.
    «Ер адамға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы