Семейде “қаңтаршы” Жандос Жотабаевты азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Семейде “қаңтаршы” Жандос Жотабаевты азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

ашық дереккөзі

Семейде “қаңтаршы” Жандос Жотабаевты азаптаған 2 полиция қызметкері шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Taulik.kz. Жандос Жотабаев тергеуде азапталып, 10 күннен кейін қайтыс болған. Іс бойынша Семей соты полицейлер Әлішер Қанақынов пен Ерсұлтан Ағзамовқа шартты үкім шығарды. Azattyq мәлімдеуінше, сот Қанақынов пен Ағзамовты “ар-намысты қорлайтын іс-әрекет немесе азаптау” бабымен кінәлі деп танып, 4 жылға шартты түрде соттады. Үкім шығару кезінде айыпталушылардың жасы есепке алынған (Қанақынов - 23, Ағзамов - 27 жаста). Сондай-ақ сот оларды моральдық өтемақы ретінде 4,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Loading...