Мәзір
24 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

«Қол қайдан өсетінін білесің»: Досаев мердігерлердің жұмысына пікір білдірді

«Қол қайдан өсетінін білесің»: Досаев мердігерлердің жұмысына пікір білдірді

«Қол қайдан өсетінін білесің»: Досаев мердігерлердің жұмысына пікір білдірді «Қол қайдан өсетінін білесің»: Досаев мердігерлердің жұмысына пікір білдірді
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде қала тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының сапасына шағымданды, әсіресе Наурызбай ауданындағы жол тұрғындардың ығырын шығарған, деп жазады Taulik.kz. Наурызбай ауданы тұрғынының айтуынша, Досмұхамедов көшесіне үш жыл бұрын тартылған кәріз құбырының жұмыстарынан соң жолдың күйі нашарлап кеткен. Бұл мәселені тұрғындар үш ай сайын қала мен Наурызбай ауданының әкімдігіне айтып, арыз жазып отырған.
"Олар төрт рет жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бәрібір жол қатты қисайып, люктер көтеріледі. Бұл жолды кім және қалай жөндегені белгісіз", - деді қала тұрғыны.
Ал аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева болса жолда шынымен траншеялардың ақаулары бар екенін растап, қайта жөндеуге уәде берді. Қала әкімі Досаев жол жөндеуге жеткілікті қаржы бөлініп жатқанын, мәселе мердігерлердің жұмысының сапасында екенін айтты. Сондай-ақ биылдан бастап мердігерлер су құбыры мен кәріз желілерін жүргізгеннен кейін көшенің бүкіл еніне асфальт төсеуге міндетті екенін мәлімдеді.
"Негізгі себебін атағым келеді. Біз жолдарды ауыстырған, жаңартқан немесе жаңа жолдарды төсеген кезде, бастапқы жобаларда олар жай ғана траншея қазып, көміп тастаған. Келесі жөндеу кезінде бәрінің дұрыс жасалуына мән беретін боламыз. Содан кейін, әкімдікпен бірге қабылдаймыз. Қазақта "қолдың қайдан өсетінін білесің" деген ескі мақал бар. Сондықтан біз мердігерлер жұмысын сапалы атқаруы үшін талапты күшейтіп жатырмыз. Осы орайда мен мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңнан үлкен үміт күтемін. Жаңа заңның аясында бұл мәселелерді шеше аламыз", - деді ол.

Апта талқысында: