Амстердамда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

Амстердамда Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған поэзия кеші өтті

ашық дереккөзі

2023 жылғы 22 тамызда ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі, Юнус Эмре институты және «ЮНЕСКО қамқорлығындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы» институтының ұйымдастыруымен Амстердам қаласында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Өлмес мұра» тақырыбындағы поэзиялық әдеби кеш өтті. Іс-шараға ҚР Нидерландтағы Елшісі А.Жұмағалиев, TURKSOY жанындағы Түркітілдес мемлекеттер Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған қазақстандық делегация, Амстердам қаласындағы Юнус Эмре институтының басшысы Адил Акалтун, диаспора және мәдени ортаның өкілдері, шетелдік дипломаттар мен студенттер қатысты.  width=Мағ Кештің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Елші А.Жұмағалиев Мағжан Жұмабаевтың еліміздің тәуелсіздігі жолындағы бірегей ролін атап өтіп, мұндай іс-шаралар мәдени байланыстарымыздың әрі қарай дамуына зор үлес қосатынының астын сызды. Сондай-ақ іс-шарада ҚР қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтың жолдауы қонақтардың назарына ұсынылып, кеш М.Жұмабаевтың өлеңдері оқылуымен және қазақ әндерінің орындалуымен жалғасты. Қазақстандық делегация мүшелері ақынның кітаптарын түрік бауырларымызға тарту етті.  width= Жазушы Ұ.Есдәулет мәдени іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Юнус Эмре институты мен түрік халқына алғысын білдіре отырып, мекеменің басшысын алғыс медалімен марапаттады.  width=

Loading...