Алматыда дүкенде қыздың кеудесінен ұстаған ер адамның кім екені анықталды
"Бостандық ауданы Полиция басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзған ер адам Атырау қаласының тұрғыны екені анықталды", - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.Ер адам сот алдында жауап беруі мүмкін.
"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы бойынша іс жүргізу оның тұрғылықты жері бойынша Атырау қаласына, соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдауға жіберілді", - деді қалалық ПД өкілі.Жәбірленуші қыздың сөзінше, полициядағылар ер адам Алматыдан кетіп қалғанын айтқан.