Алматыдағы метро құрылысынан 5 млрд теңге жымқырғандардың ісі сотқа жетті

Алматыдағы метро құрылысынан 5 млрд теңге жымқырғандардың ісі сотқа жетті

ашық дереккөзі

«Метрополитен» КМК бұрынғы басшылығы мен мердігер ұйымдардың лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы және 216-бабының 3-бөлігі бойынша қозғалған. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған. Айта кетерлігі, күдіктілер желіні салу кезінде ауқымды басқару функциясына ие болып қана қоймай, қылмыстық жағдай жасауға мүмкіндік берген.
“Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинақтап, олардың негізінде құны 10 есе жоғары болатын жабдықтарды сатып алуға смета жасады. Кейіннен жымқырылған қаражатты «жалған кәсіпорындар» арқылы қолма-қолға айналдырды. Жымқырған ақшаны қайтару үшін үш қымбат пәтерге, Алматы қаласындағы бір кеңсеге, Алматы облысындағы жер учаскесіне, люкс автокөліктеріне, брендтік сағаттарға және күдіктілердің басқа да бірқатар активтеріне тыйым салынды”, – делінген хабарламада.
 

Loading...