Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
30 тамыз, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қай өңірлерге қысқы мал азығына қосымша субсидия беріледі

Құрғақшылық салдарынан егіннің күйіп кетуіне байланысты үкіметтен қосымша қаржы қарастырылды

Қай өңірлерге қысқы мал азығына қосымша субсидия беріледі
ашық дереккөзі

Жыл басынан бері берілген 11,7 млрд теңге жемшөпке берілген субсидия көлеміне қосымша Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары әкімдіктеріне қосымша 10,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы азық-түлікпен қамтамасыз ету және жедел ден қою мәселелерін шешуді үйлестіру жөніндегі жедел штабтың отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Taulik.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республика бойынша шөп дайындау 20,7 млн ​​тоннаны немесе жоспарланған көлемнің 82,7 пайызына жетті.

Шөп қоры бойынша Түркістан (100,9%), Қостанай (100,0%), Жамбыл (97,2%), Солтүстік Қазақстан (93,1%) және Ақмола (92,7%) облыстары көш бастап тұр.

Республикалық деңгейден айтарлықтай төмен көрсеткіштер Павлодар (38,1%), Шығыс Қазақстан (57,2%), Атырау (57,9%), Батыс Қазақстан (58,8%) және Абай облыстарында сақталуда.

Ұлытау облысы әкімдігіне мал азығына бөлінген арзандатылған дизель отынының құнын төлеу және көлемін таңдау бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Павлодар облысы әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысымен жасалған меморандум аясында сабан мен жем-шөп жинау жұмыстарын жандандыруы қажет.