Ресей президенті Қырғызстанда 3 орыс мектебін салады

Құрылыстың бастауы бейнеконференция режимінде өтеді

Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 1 қыркүйекте Қырғызстанда орыс тілінде оқытатын үш мектептің құрылысын бастайды. Бұл туралы Taulik.kz  РиаНовости-ға сілтеме жасап хабарлады.

Құрылыстың бастауы бейнеконференция режимінде өтеді.

«Путин Қырғызстан президенті Жапаровпен бірлесіп, Бішкек, Баткен және Қаракөл қалаларында орыс тілінде оқытатын үш жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастайды», – делінген хабарламада.

Онлайн режимде Путин Ресейдің бес аймағында жаңа жалпы білім беретін мекемелердің ашылу салтанатына қатысады.

Loading...