logo
search
menu

Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазды

Сот төрағасы жеңіл жаза тағайындаған
8 қыркүйек, 2023
Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазды
ашық дереккөзден

Мазмұны

    Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазды, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне кінәлі Сайдолим Ғаибназаровқа жеңіл жаза тағайындаған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов отставкаға кетуге өтініш жазды.

    Ulysmedia.kz жазуынша, Сайдолим Гаийбназаров 2006 жылы кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталып, биыл мамырда ауылдасына балтамен шабуылдағаны үшін тағы да істі болған. Сот оның жәбірленушімен татуласқанын, 10 жылдық жазасын толық өтеп келгенін ескеріп, тек 3 жылға ғана түрмеге кескен. Кейіннен пробациялық бақылауға алып, босатып жіберген. Ал 13 шілдеде Гаийбназаровтың үйінен зорлық көрген 5 жасар қыздың жансыз денесі табылды

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы