13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіттің «Анвар» гипермаркетінде түнегені анықталды, деп хабарлады Taulik.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқық бұзушыларды жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлері ұстап, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды», - делінген хабарламада.
Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.