ЕО Украинаға 85 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетті - Боррель

Әскери көмек көлемі 25 млрд еуроға жеткен

ашық дереккөзден

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат департаментінің басшысы Жозеп Боррель Украинаға 85 миллиард еуро көлемінде көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Сондай-ақ ол Еуроодақтың Украинаға көрсеткен әскери көмегінің көлемі қазірдің өзінде 25 миллиард еуроға жеткенін, ал гуманитарлық және қаржылық көмектің жалпы көлемі 85 миллиард еуроны құрағанын еске салды.

Бұл туралы Боррель Украинаға сапарының қорытындысы бойынша Киевте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Жозеп Боррель Одесса мен Киевте болып, Украинаның жаңа қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен кездесті.

«Бұл Қорғаныс министрімен басымдықтарды белгілеу үшін, әрі не істеп жатқанымызды, не істей алатынымызды көрсету үшін кездесу болды. Сондай — ақ кейбір жағдайларда біздің көмегіміз соншалықты маңызды емес деп саналуының себебін түсіну үшін", - деді Боррель.

Loading...