Маңғыстаудағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз көз жұмды

Қаза болған сарбаз небәрі 20 жаста

ашық дереккөзден

Маңғыстаудағы 25744 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонында белгісіз зат жарылып,  салдарынан сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Асқар Арашбай 2022 жылдың күзінде Ақтауға әскерге шақырылған. Сарбаздың қаза болуына орай әскери бөлімде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

«Оқу-жаттығу полигонында белгісіз зат жарылды. Салдарынан бір әскери қызметкер әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды. Дәрігердің барын салғанына қарамастан, сарбаз ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Құрлық әскерлерінің басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп жазды бұл туралы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

 

Loading...