Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
17 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Елбасы» сөзін қолданатындар жауапқа тартыла ма?

«Елбасы» сөзін қолданатындар жауапқа тартыла ма?

«Елбасы» сөзін қолданатындар жауапқа тартыла ма?
ашық дереккөзі
Лев Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов «Елбасы» сөзін қолданатын адамдарды жауапқа тарту мәселесін қарастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Қазір Ата заңда «Елбасы» сөзі жоқ. Конституцияны тікелей қолдануымыз керек. Ертең басқа қандай заңдар шығады, «Тұңғыш президент туралы» заң қашан күшін жояды деп күтудің керегі жоқ. Сондықтан «Елбасы» терминін ақпарат саласындағылар, мемлекеттік органдар пайдаланбауы керек. Бұл түсінбегендіктен болып отыр. Егер пайдаланса, олар Ата заңды бұзып отыр деген сөз. Олар «Жоқ, бұл мұндай заңда бар» деп айтса, одан жоғары Ата заң тұр ғой деу керек. Менің ойымша, болашақта ондай адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін де қарастыру қажет. Әрине, қылмыстық іс емес, әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет. Оларға айыппұл салу немесе ескерту жасалуға тиіс», - деді ол.