logo
search
menu

Бота Елеусізова Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды

Ұйғыр ауданына жаңа әкім
9 қазан, 2023
Бота Елеусізова Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды
ашық дереккөзден

Мазмұны

    Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Алматы облысы басшысының өкімімен Бота Елеусізова Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Taulik.kz. 

    Бота Елеусізова 1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі, Кеген ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 


    2022 жылдан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды. Chundzha.kz сайтының хабарлауынша, Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлік. 1935 жылы ҚАЗ Орталық Атқару Комитетінің шешімімен құрылды. Аудан Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 243 км және Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 365 км жерде орналасқан. Облыста 14 ауылдық округте орналасқан 25 елді мекен бар. Оның аумағында реликті Күл тоғайы мен Шарын каньоны бар.

    Облыста 14 ауылдық округте орналасқан 25 елді мекен бар. Оның аумағында реликті Күл тоғайы мен Шарын каньоны бар. Әкімшілік орталығы – Шонжы ауылы.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы