БҰҰ мәліметі бойынша, палестиналық содырлар мен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы бері Газа секторында 123 мыңнан астам адам ел ішінде қоныс аударған, деп хабарлайды Taulik.kz.
"123 538-ден астам адам Газа секторында қауіпсіздік және үйлерінің қирауы салдарынан ел ішінде көшірілді",- деп мәлімдеді БҰҰ гуманитарлық агенттігі.
Ал Палестина денсаулық сақтау органдары Газадағы қаза тапқандар санын жаңартты. Соңғы дерек бойынша, қаза тапқандар саны 493 адамға жетті, оның ішінде 9 бала. 2750-ден астам адам ауыр жарақат алған.