«Шошып кеттім»: Павлодар тұрғыны жүктілігін босанардан бір сағат бұрын білген

Әйел ауруханаға басқа диагнозбен жеткізілген

Ашық дереккөзден

Павлодар тұрғыны жүкті екенін босанардан бір сағат бұрын білген, деп хабарлайды Taulik.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны Наталья Тищенко "Ирбис" телеарнасының "Сигнал" жобасына өз оқиғасын айтып берді.

Әйел 2012 жылғы 2 ақпанда жедел жәрдем көлігімен жатыр миомасы диагнозымен ауруханаға жеткізілгенін айтты. Бірақ сол жерден оны перзентханаға жіберген.

"Сол күн барлық қызметкер есінде қалды. Босанғалы жатырсың дейді. Жеті айлық баланы дүниеге әкелдім. Дәрігер оның тірі екенін айтты. Ал мен шошып кеттім. Үш ай бойы жалақы төленбеген зауытта жұмыс істедім. Қалтамда бар болғаны мың теңге болды", - деп есіне алды әйел.


Натальяның айтуынша, оның іші шықпаған, ол жеті ай бойы бала күтіп жүргенін білмеген.

 

Loading...