Азық-түлік бағасы тағы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 5,6%-ға өсті.
Статистика мамандарының айтуынша, жұмыртқа, қарақұмық, ұн, сүзбе, сүт, тауық еті, айран, тұз, нан, күріш және майдың бағасы айтарлықтай өсті.