Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Taulik.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында №3 шағын ауданда болған.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша («Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.