Қараша айында Кaspi Жұма өте ме

Kaspi.kz 3, 4 және 5 қарашада науқан өтетінін мәлімдеді

Қараша айының басында 3, 4 және 5 қараша күндері әр жыл сайын өтетін Kaspi Жұма науқаны өтпекші, деп хабарлайды Taulik.kz.

Kaspi Жұма – қазақстандық шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды мереке. Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі кезінде кәсіпкерлердің сату көлемі бірнеше есеге артады, ол еліміздегі кәсіпкерлердің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына көмектеседі.

Қысқы шиналар, жылы киім, үйге арналған климаттық техника, қысқы спортқа арналған тауарлар мен басқа да заттарды еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады, - деп хабарлады Kaspi.kz.

Loading...