Соттың хабарлауынша, айыпталушы Әбілхан Боранбаев Қ. және Ш. есімді жедел уәкілдерге 1,6 млн теңгеден астам пара берген. Өз кезегінде олар тергеудегі Б. есімді адамды алып жүрген кезде "мобильді байланыс, кездесу, спиртті ішімдіктерді пайдалану арқылы" оның үшінші тұлғалармен заңсыз байланыс жасауына жағдай жасаған.
Сот хабарламасында ешкімнің аты-жөні толық аталмайды. Сот үкімі 19 қазанда шыққан.
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа пара бойынша айыпталған адам Әбілхан Боранбаев екенін, ал сот хабарламасындағы "тергеудегі Б. есімді азамат" кәсіпкер Қайрат Боранбаев екенін растады.
Өткен аптада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен байланысты кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың түрме жазасы шектеу жазасына алмастырылғаны белгілі болған.