Қытай Газа секторына көмектесетінін мәлімдеді

Бұл туралы Қытайдың даму ынтымақтастық ұйымы мәлімдеді

Қытай Газаға 2 миллион долларға жуық гуманитарлық көмек береді, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қытай Газа секторына 15 миллион юань (2 миллион доллардан сәл астам) гуманитарлық көмек көрсетпек.

Көмек пакетіне азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті керек-жарақтар кіреді, деп хабарлайды Қытай халықаралық даму ынтымақтастығы агенттігінің (CIDCA)шетелдік көмекпен айналысатын ұйымы.

Мәлімдемеде бұл көмектің Қытайдың бұған дейін берген 1 миллион долларлық көмегіне қосымша болатыны да атап өтілді.

16 қазандағы алдыңғы мәлімдемесінде агенттік Қытай БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігі мен Палестина билігіне азық-түлік, медициналық көмек және баспанаға деген шұғыл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін көмек көрсететінін айтқан. Ол кездегі өтініште көмек көлемі көрсетілмеген.

Қазіргі мәлімдеме Бейжіңнің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Чжай Цзюнь Израиль мен Хамас арасындағы бейбіт келіссөздерді ілгерілету үшін аймақты аралаудан кейін жасалды.

Бейжің ХАМАСты айыптаудан бас тартты, ал Қытай билігінің ресми мәлімдемелерінде бұл топ туралы айтылмайды.

Loading...