Мәзір
27 қазан, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Газа секторындағы қақтығыс: үкімет Египетке тур сатып алған қазақстандықтарға жүгінді

ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлімдеме жасады

Газа секторындағы қақтығыс: үкімет Египетке тур сатып алған қазақстандықтарға жүгінді Газа секторындағы қақтығыс: үкімет Египетке тур сатып алған қазақстандықтарға жүгінді

ҚР Туризм және спорт министрлігі Таяу Шығыстағы соғыс Египетте демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді алаңдатып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

“Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне Қазақстан Республикасының азаматтарынан Египет курорттарындағы демалысқа қатысты көптеген өтініштер келіп түсуде. Өздеріңіз білетіндей, Египет аумағы қазір әскери қақтығыс болып жатқан Израильмен шектеседі. Сонымен, қарулы қақтығыс Египетке жақын арада демалуды жоспарлаған туристерді алаңдатуда. Өз кезегінде туристер баламалы нұсқаларға келіспеген жағдайда алдын ала туристік компанияға қаражатты қайтаруды сұрап жүгінуге және сапардан бас тартуға құқылы екендігін хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Бұл жағдайда туристік компаниялар ҚР заңнамасына сәйкес, қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты нақты шеккен шығындарын ұстауға құқылы екені атап өтілген.

Айта кетейік, 7 қазаннан бері бүкіл әлем Таяу Шығыстағы соғысқа көз тігіп отыр. ХАМАС пен Израильдің қақтығысынан мыңдаған бала құрбан болды. Газа секторының бейбіт тұрғындары қырылды, үй-күйсіз қалды. Израиль соғыстың бірнеше айға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

 

Апта талқысында: