logo
search
menu

Алматыда Бұрындай тас жолы жабылады

Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін тас жолда қозғалыс шектеледі
27 қазан, 2023
Алматыда Бұрындай тас жолы жабылады

Мазмұны

    Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін 28 қазаннан 30 қазанға дейін Бұрындай тас жолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Taulik.kz.

    «Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі. Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 шақырым су құбыры желілерін және 4,6 шақырым кәріз желілерін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар үздіксіз орталық сумен жабдықтауға қосылады. Ал бұрын олар жеке компанияның қызметін пайдаланған»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

    Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы